Қостанайда полиция қызметкерін өлтірген ер адам 19 жылға сотталды

alau.kz
Отбасын ойрандаған мас ер адам полиция қызметкеріне пышақ сұғып алған.

22 маусымда полиция қызметкері Дархан Базарбаевты өлтірді деп айыпталған Михаил Прокуратовқа қатысты Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алау басылымының хабарлауынша, сот Прокуратовты 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ең қатаң режимдегі мекемеде өткізу туралы үкім шығарды.

Еске сала кетсек, 19 қаңтарда 102 нөміріне Тобыл қаласындағы (Затобольск) Комсомольская көшесінің бойындағы үйде отбасылық жанжал шыққаны туралы шұғыл қоңырау келіп түсті. Патрульдік полицияның экипажы шағым бойынша оқиға орнына келді. Полиция сержанттары Дархан Базарбаев пен Амангелді Сыздықов келгенде бұрын сотталған 28 жастағы мас Тобыл тұрғыны өзінің бүкіл отбасын өлтіремін деп қорқытып, қоқан-лоқы жасап жатқан. Туыстары оның бұзық ниетін байқап, пышаққа үйге жүгіргенде сыртынан есікті жауып тастаған. Содан соң полиция шақырған. Мас еркекті сабасына түсіріп, оны залалсыздандыру үшін полиция қызметкерлері есік ашып, оның қолындағы пышақты қағып түсіреді. Бірақ ол полиция қызметкерлерінің біріне пышақ сұғып үлгереді. Жедел жәрдем келгенше ол оқиға орнында көз жұмды. Ол 25 жаста еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін