Қарызға батқан бір жігіт туған ағасының квадроциклын ұрлады

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Ұрланған квадроцикл табылып, тәртіп сақшылары оны заңды иесіне қайтарды.

"Қарыздарымды өтегім келді": Алматы облысында ер адам туған ағасының квадроциклын қолды қылған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұрланған квадроцикл табылып, тәртіп сақшылары оны заңды иесіне қайтарды.

Еңбекшіқазақ АПБ кезекші бөліміне кешкі сағат 19:15 шамасында Есік қаласының 33 жастағы тұрғыны қоңырау шалып, өзі тұратын үйдің ауласынан квадроциклдың ұрланғанын хабарлаған. Қолды болған дүниесін өзі іздегендіктен, полицияға кеш хабар бергені белгілі болды. аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Аулаларды жіті қараған із кесушілер 2 сағат өткенде оқиға орнынан 4 көше қашықтықта орналасқан жеке үйдің ауласында шөмеле шөптің астына жасырылған квадроциклды тапты.

Үй иесі ұрланған көлікті танысының түнде алып келгенін және оның өзге біреуден ұрланғанын білмейтінін айтқан. Алдын ала тергеу барысында өзгенің көлігін ұрлап, танысының үйіне жасырған 21 жастағы тұрғын зардап шегушінің туған інісі екені белгілі болды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталған Ю. есімді азамат ағасының техникасын сатып, қарыздарын өтеу мақсатында ұрлағанын мойындады. Дін аман табылған квадроцикл өз иесіне қайтарылды. Күдікті азамат мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы