Кентаудағы масқара жағдай: "Бала-шаға көшеге шыға алмай, қорқып отыр"

видеодан алынды
Ауыл тұрғыны полиция қызметкеріне: "Өткенде де осылар бұзақылық жасады, ұстап бердік, не істедіңдер, 20 мың теңге айыппұлмен шығарып жібердіңдер, енді өзің қан-қан болып таяқ жеп тұрсың, біз сендерге сеніп жүрміз, қорғайды деп, ал енді не болды, бала-шаға қорқып отыр, көшеге шыға алмай қалдық қой...".

Түркістан облысында ауыл тұрғындары арасында жанжал болып, арты бұзақылыққа ұласқан, деп хабарлайды zakon.kz.

21 шілдеде Кентау ПБ кезекші бөліміне көршілес Шорнақ ауылында белгісіз біреулердің бұзақылық әрекеттері туралы хабарлама келіп түсті. Полицияның анықтауы бойынша, ауыл тұрғындары арасында арты бұзақылыққа айналған жанжал шыққан. Артынша белгісіз біреулер жәбірленушінің үйіне келіп, үй сыртынан тас атқылаған. Үш үй зардап шеккен.

- Оқиға орнына бірінші болып Кентау қаласындағы жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Нұрлан Құралбаев барды. Жағдайды бағалағаннан кейін полиция қызметкері кезекші бөлімге оқиға орнында не болып жатқанын хабарлады және жанжалды тоқтату үшін шаралар қабылдады. Жанжал кезінде алған жарақаттарына және азаматтардың тәртіпке бағынбауына қарамастан учаскелік инспектор оларға қарсы күш, атыс қаруын қолдануға жол бермеді. Ол ауыл тұрғындары арасындағы жанжалдың одан әрі өршуін ауыздықтай алды, - деп хабарлады аймақтық ПД.

Нәтижесінде учаскелік инспектор Нұрлан Құралбаев пен зардап шеккен 3 адамға медициналық көмек көрсетілді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер 4 күдіктіні құрықтады.

Осылайша учаскелік полиция инспекторы Н.Құралбаевтың жедел және кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында ауылдастар арасында туындаған жанжалдың алды алынып, адам өліміне жол берілмеді.

Қазіргі уақытта полицейлер аталған факті бойынша оқиғаның барлық мән-жайларын тексеріп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді