4 млн теңгені жылтыр пакетке салып алған әйелді көшеде тонап кете жаздады

polisia.kz
Ұсталған алдында бірнеше рет сотты болған адам болып шықты.

Петропавлда полиция қызметкері ізін суытпай 4 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлаған қарақшыны ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

22 шілдеде Петропавл қаласындағы "Корона" сауда үйінің жанында әйелдің қолындағы жылтыр пакетін жұлып алған қарақшы тұрғын үй аулалары арасына қарай қашқан.

ҚР ІІМ ресми сайтының хабарлауынша, абдыраған әйелдің көмекке шақырған үнін сол маңдағы қалалық патрульдік полиция батальонының патрульдік экипажы қызметкерлері естіген. Қызмет инспекторы Асқар Татанов аулалар арқылы қашқан қарақшының ізіне түскен.

Артынан қуғыншы барын білген қаскөй қолындағы пакетті лақтырып, қаша жөнелген. Алайда полиция қызметкері оны ұстап алып, оқиға орнына келген жедел-тергеу тобына тапсырды. 4 миллион теңгеден астам ақшасы бар пакет дереу иесіне қайтарылды.

Қарақшылық фактісіне қатысты ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұсталған азаматтың бұған дейін бірнеше рет сотталғандығы анықталды. Қазіргі уақытта Петропавлдың 34 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін