Атырауда бір әйел бес жасар баласымен бірге көпірден секіріп кетпек болды

Pixabay
Кіші сержант Ерген Нұрғалиев әйелді суицид жасау райынан қайтарып, баланы қауіпсіз жерге алып шыға алған.

Атырауда бес жасар баласымен бірге бір әйел көпірден секірмек болды. Тәртіп сақшылары суицидтің алдын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға 2020 жылдың 24 шілдесіне қараған түні сағат 00:30 шамасында әскери бөлімнің бастығы кіші сержант Ерген Нұрғалиев, әскери патруль күзетшілер Дмитрий Коваленко мен Нұрсейіт Кұсайынов қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күзет шебінде жүргенде болған. Олар орталық көпірдің жақтауына сүйеніп тұрған баласы бар әйелдің сұлбасын байқаған. Бірден бұл туралы кезекші офицерге есеп беріп, полиция бригадасын шақырған олар әйелге қарай беттеген, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланының Батыс ӨМБ баспасөз қызметі.

Кіші сержант Ерген Нұрғалиев әйелді суицид жасау райынан қайтарып, баланы қауіпсіз жерге алып шыға алған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенге дейін тәртіп сақшылары азаматты өз бетінше сабасына түсіруге тырысты, өйткені әйел қатты ашулы еді.

Кейіннен белгілі болғандай, үйде отбасылық жанжал туындап, әйел осындай шалт әрекетке бармақ болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін