"Бұл кварцит" деп қойып, 10 тонна алтын рудасын елден әкете жаздады

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
"Қайрақ" автомобиль өткізу пунктінде салмағы 10 тонна болатын алтыны бар кен ұсталды.

2020 жылғы 27 шілдеде ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері "Қайрақ" автомобиль өткізу пунктінде Нұр-Сұлтан қаласынан Ресей Федерациясының Челябинск облысына кетіп бара жатқан жүк автомашинасын тексеру кезінде жалпы салмағы шамамен 10 тонна болатын 12 көлемді қапқа салынған алтыны бар кенді анықтады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжат бойынша жүк "кварцит" ретінде ресімделген.

Сарапшылардың пікірі бойынша, алтыны бар 1 тонна кеннен 1 кг дейін таза алтын шығады, ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша, 1 грамм алтынның құны – 25 213 теңге. Алдын ала бағалауға сәйкес алынған өнімнің сомасы шамамен 250 млн теңгені құрауы мүмкін.

Ұсталған жүк процессуалдық баға беру үшін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты