Ақмола облысында үй өртеніп, үш бала ажал құшты

Регнум АА
Өрт сөндіру қызметкерлері келгенге дейін ерлі-зайыпты 2004 және 2012 жылғы баласын алып, сынған терезе арқылы өздері шыққан.

Хрящевка елді-мекенінде жеке тұрғын үйден өрт шығып, үш бала бала ажал құшты, деп хабарлайды Sputnik.

Облыстық төтенше жағдай комитетінің мәліметінше, Ақмола облысының Атбасар ауданында өрттен үш бала көз жұмды.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 05:19-да Атбасар ауданына кіретін Хрящевка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Ол жерде көпбалалы отбасы тұрғаны белгілі болды. Атап айтқанда, 1979 және 1981 жылдары туған ерлі-зайыпты, сондай-ақ, олардың бес баласы – 2004, 2005, 2007, 2008 жылдары туған ұлдар мен 2012 жылы туған қыз бала.

"Атбасар қаласының № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық 25 шақырым. Өрт сөндіру қызметкерлері келгенге дейін ерлі-зайыпты 2004 және 2012 жылғы баласын алып, сынған терезе арқылы өздері шыққан. Өрт салдарынан үйдің төбесі опырылып түсті", - дейді өрт сөндірушілер.

Құтқарушылар сағат 06:40-та өртті ауыздықтады, ал 08:25-те толығымен сөндірді. Үйінділерді қопару кезінде үш баланың мәйіті табылды.

Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің кезекші жедел-тергеу тобы жұмыс жасап жатыр. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Ғимараттардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру ережелері жаңартылды

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды