Түркияда 21 жастағы қазақстандық қыз із-түссіз жоғалып кетті

Pixabay
Іздеу жұмыстары ұзаққа созылуда.

Шетелдік БАҚ Түркияның Анталия қаласына Қазақстаннан барған жас қыздың жоғалып кеткені туралы хабар таратты. Бойжеткені іздеп, оны таппай жатқанына екі айдан астам уақыт өткені де айтылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Cumhuriyet-тің хабарлауынша, хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық қыз біраз уақыттан бері Түркияда отбасымен бірге тұрады, ол ата-анасымен ұрсысып, үйден шығып кеткен. Міне, содан бері 2,5 ай уақыт өткен, қыз үшты-күйлі жоқ. Ол үйден шыққанда өзімен бірге ешқандай құжат немесе ақша алмаған.

Басылым қыздың анасы дереу полицияға қоңырау шалғанын, бірақ оның сол күйі әлі табылмағанын хабарлайды. Таяу уақытта қыздың ата-анасы республикалық телеарнадағы бір бағдарламаға қатысып, өз басындағы жағдайлармен бөліспек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз