Қостанайда төрт жастағы қыз терезеден құлап кетті

Depositphotos
Төрт жастағы қыз москит торына сүйеніп тұрып, төменге құлап түсті.

2016 жылы туған қыз тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Қайғылы оқиға 1 маусым күні кешкі сағат 21-44-те Қостанайда Қайрбеков көшесінде орын алды, деп хабарлайды zakon.kz Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ата-анасы жұмыста болды, кішкентай қызды үйде 3 үлкен баланың қамқорлығына қалдырды. Бір сәтте бала қараусыз қалып, ашық қалған терезенің жақтауына көтерілді. Төрт жастағы қыз москит торына сүйеніп тұрып, төменге құлап түсті.

Зардап шегуші шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалайды.

Қостанай облысының ТЖД ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Қауіпсіздік мақсатында терезелерге торларды немесе блокаторларды орнатыңыз!

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз