Нұр-Сұлтанда еркек болып танысатын келіншек ұсталды

Нұр-Сұлтан қалалық ПД
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының (Алаяқтық) 4 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Нұр-Сұлтанда өзін еркек ретінде таныстырып, зейнеткерді алдап соққан келіншек алаяқтық күдігімен ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Өзін еркек ретінде таныстырған әйел көшедегі адамдардан қоңырау шалу үшін телефондарын беруін сұраған, ал телефон қолына тигенде ол тайып отыратын болған. Өзінің сыртқы келбеті ер адамға ұқсастығын пайдаланып, қылмыс жасаған әйел осылайша жасырынбақ болған. Ол ұрланған ұялы телефондарды кездейсоқ адамдарға нарықтық бағадан төмен бағамен сатқан, - деді қалалық ПД баспасөз қызметі.

25 шілдеде сауда үйінің сыртында күдікті қарт әйелге жақындап, телефонын сұрады. Телефонды қолына алған бойда, ол белгісіз бағытқа қаша жөнелді. Зейнеткер ұрлықтан келген шығынды 30 мың теңгеге бағалады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының (Алаяқтық) 4 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның республика аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Елордалық полиция осы адамның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар, Бейбітшілік көшесі, 19 үй - мекен-жайы бойынша Нұр-Сұлтан полиция бөліміне немесе 8 (7172) 71-61-51; 71-60-69, 8-702-500-97-29 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі