СҚО-да ауыр жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі кісі көз жұмды

әлеуметтік желіден алынды
Биылғы жылдың жеті айында СҚО-да 98 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 13 адам қайтыс болып, 129-ы жарақат алды.

Солтүстік Қазақстан облысында екі адам көз жұмған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 тамыз күні сағат 15:20-да Қызылжар ауданы Пеньково ауылының маңындағы “Челябі – Новосібір” жолында “Toyota Camry” көлігін тізгіндеген Мағжан Жұмабаев ауданының 62 жастағв тұрғыны қарсы бағытқа шығып кетіп, Булаево қаласының 56 жастағы тұрғыны басқарған “КамАЗ” автокөлігімен бетпе-бет соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан “Toyota Camry” автокөлігінің жүргізушісі және 1957 жылғы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. “КамАЗ” жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, жол-көлік оқиғасы фактісі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша енгізілді. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалып, жүргізілуде.

Биылғы жылдың жеті айында СҚО-да 98 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 13 адам қайтыс болып, 129-ы жарақат алды. Полицейлер барлық жол қозғалысына қатысушыларды Жол қозғалысы қағидаларын қатаң ұстану қажеттігі туралы ескертеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты