Қызылордада полиция қызметкерлері мінген тікұшақ көктен оқ атты

видеодан алынды
Полиция қызметкерлері оқиға орнында үш жергілікті тұрғынды ұстады. Ұстау кезінде олардың біреуі жарақат алған.

Полиция қашып, ізін суытпақ болған есірткі саудагерлерін ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мобильді тобы және ІІМ-нің арнайы бөліністері Қарағанды және Қызылорда облыстарының шекараларын тікұшақпен барлау кезінде, Қызылорда қаласынан 320 шақырым қашықтықта қарасораны қолдан өсіру плантациясы алқабын, суару үшін бассейн мен агроқұралдарды сақтау мен сол жерде тұруға арналған жер асты үңгірлерін анықтады.

Алқапқа жақындап ұшып барғанда жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері тағылған екі Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көліктері байқалды, олар үлкен жылдамдықпен жүйткіп, жасырынбақшы болды. Полиция қызметкерлерінің тоқтату талаптарын тыңдамады. Автокөліктің соңына түскен қызметкерлер оларды тоқтату үшін ескерту оғын атты және бірнеше рет көліктің дөңгелектеріне оқ атылды. Дөңгелектеріне зақым келген соң ғана екі көлік тоқтады.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында үш жергілікті тұрғынды ұстады. Ұстау кезінде олардың біреуі жарақат алған. Оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді, кейіннен жараланған адамдар ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді