Алматыдағы блок-бекеттегі ойран: Іс сотқа жолданды

Polisia.kz
Істі Қарасай аудандық соты қарайтын болды.

Биыл мамыр айында Алматы облысындағы блок-бекетте ішіп алып, көлігімен ойран салған экс-полиция қызметкері Азат Азаматовтың ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облыстық сотының өкілі Самат Авганов бұл іс Қарасай аудандық сотына 20 тамызда түскенін айтты. Басты сот процесі 7 қыркүйекке белгіленген.

Еске сала кетсек, 25 мамырда Алматы облысының Қарасай ауданында мас жүргізуші блок-бекетке көлігімен қойып кеткен. Алдымен ол бетон қоршауға соғылып, содан кейін инерциясымен патрульдік көлікті киіп кеткен, салдарына салондағы екі полиция қызметкерінің бірі оқиға орнында, екіншісі ауруханада қайтыс болды. Дәрігерлер қатты зардап шеккен үшінші полиция қызметкерін аман алып қалды.

БМВ жүргізушісі бұрынғы полиция қызметкері Азат Азаматов болып шықты. Апатқа дейін ол өз міндеттерін орындамағаны үшін жұмыстан шығарылған.

Аталған факті бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеуді ҚР ІІМ Тергеу басқармасы жүргізді.

Содан кейін прокуратура Азаматовты - "Мас күйінде көлік құралын басқарған адамның жол ережесін бұзуы, салдарынан байқаусызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыруы" деген тағы бір бап бойынша жауапқа тартылатынын хабарлады. Медициналық тексеру кезінде бұрынғы полиция қызметкерінен "алкогольдік масаңдықтың орташа деңгейі" анықталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды