Алматыда жол полициясы көлігін соққан Nissan Primera жарылып, жүргізушісі опат болды

Nissan Primera жүргізушісі Дулати көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, әл-Фараби даңғылына бұрылғанда жолдың қауіпсіздік алаңында күзетте тұрған полицияның патруль көлігіне барып соғылды.

Алматы қалалық полиция департаменті көліктің өртенуіне әкеп соққан жол апатына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиға бүгін - 27 тамызда сағат 15.05 уақытында орын алды. Nissan Primera жүргізушісі Дулати көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, әл-Фараби даңғылына бұрылғанда жолдың қауіпсіздік алаңында күзетте тұрған полицияның патруль көлігіне барып соғылды. Содан ол бар инерциясымен шығысқа қарай бет алған Мерседесті соғады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

По Аль-Фараби. Подробности уточняются

Публикация от @dorogi_almaty_official +21???????? (@dorogi_almaty_official)

Соқтығысу салдарынан экипаж құрамындағы полиция қызметкерлерінің бірі ауыр жарақат алып, ол № 7-ші қалалық клиникалық ауруханаға шұғыл жеткізілді.

Сөйтсе Nissan өртеніп, тоқтай алмай полиция көлігіне соғылған, ал полиция көлігі оған кәдімгідей тосқауыл бола алған.

- Өртті өрт сөндірушілер сөндірді. Автокөлікті тексеру кезінде жүргізушінің өртенген денесі табылды, қазір оның кім екені анықталып жатыр. Сонымен бірге тергеу барысында көліктің өртену себебі және оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталады, - деді қалалық ПД.

Бұған дейін WhatsApp-тағы жүргізушілердің чаттарында Mercedes жүргізушісі полициядан қашып, жолын кес-кестеген полиция көлігіне соғылған деген ақпарат тараған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: