Оралда ұшақ құлап, ұшқыш мерт болды

БҚО ТЖД
Апатқа ұшыраған бір кісілік ұшақ қолдан жасалған екен.

Орал маңында қолдан жасалған ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш опат болды, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылы 28 тамызда, сағат 08.30 уақытында Орал қаласының 2-ші саяжай жанындағы Казинское көгалдандыру серіктестігі қожалығы маңына бір кісілік қолдан жасалған ұшақ құлады. Ол осы апат салдарынан көз жұмған 1950 жылғы ұшқышқа тиесілі болған. Апат орнына төтеншеліктер дереу жетті (18 адамнан тұратын жеке құрам және 4 бірлік техника), - деп жазды БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, "Уральская неделия" басылымы.

Ұшақ апаты салдарынан ұшқыш қайтыс болды.

Бір орындық ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін ұшқыш қайтыс болды. Апаттан құрбан болған басқа ешкім жоқ, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз