Қарасай ауданында жол үстінде көкпар тартқандар жауапқа тартылды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Бейнежазбада 20-30 адамнан құралған топ адам жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған.

Әлеуметтік желілерді тұрақты мониторингілеу барысында Қарасай ауданындағы автожол бойында бір топ адамның ат бәйгесін ұйымдастырған бейнежазбасы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейнежазбада 20-30 адамнан құралған топ адам жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, "Алматы-Бішкек автожолы" бойындағы Қарасай ауданының Бұлақты ауылының маңында рұқсатсыз "көкпар" ұйымдастырған.

Полиция қызметкерлері жолда жарыс ұйымдастырушыларды анықтау және оларды жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шараларды қабылдады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде, "көкпар" ұйымдастырған және оны тартуға атсалысқан Бұлақты кентінің сегіз жергілікті тұрғыны ұсталды. Барлық аталған тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес "ұсақ бұзақылық" дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты