Алматыда ер адам түнгі клуб қызметкерлеріне оқ атқан

rostec.ru
Оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Алматыда қолына тапанша алып, түнгі клуб қызметкерлеріне бірнеше рет оқ атқан ер адамға қатысты сот 3 жылға бас бостандығынан айыру үкімін кесті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (газ қаруын қолданып бұзақылық), 287 бабының 2-бөлігімен (ұңғысыз атыс қаруын, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қаруды, сол сияқты олардың патрондарын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа берілген сотталушы Ж. - ға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды. Сот үкімімен Ж. қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", делінген Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі хабарламасында.

Сотталушы Ж. түнгі клубының жанында газ қаруын алып, осы мекеменің қызметкерлеріне бірнеше рет оқ атқан. Сот талқылауында сотталушы Ж.кінәсін толық мойындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек