Алдында тұрғын үйлері бүлінген Зерделіде тағы бір үй бүлінді

zakon.kz
2019 жылдың желтоқсан айында осы ықшамаудандағы тұрғын үйлер қисайып, ақырында пәтер иелері басқа жаққа уақытша көшірілген еді.

Алматыдағы Зерделі ықшам ауданында қатты жел тұрғын үйдің сыртқы қалың сылағын сыпырып түсірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желілерге жүктеліп, тарап жатыр.


- Сұмдық, Алғабастағы (Зерделі) 36 үй, тағы да бүлініп жатыр. Бүгін үйдің сыртқы қалың сылағы сыпырылып, жел ұшырып әкетті, - делінген видеоның астында.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, оқыс оқиға 4 қыркүйекте сағат 12: 55-те болған.

Қатты соққан жел 5 қабатты тұрғын үйдің батыс бөлігіндегі сыртқы қабырғасының шамамен 40 шаршы метр қалың сылағын жұлып әкетті. Зардап шеккендер жоқ. Алатау аудандық әкімдігінің қызметкерлері сол жерде жұмыс істеп жатыр, қазіргі уақытта КСК өкілі апат орнына қоршау орнатуда, - деп хабарлады ТЖД хабарламасында.

Zakon.kz тілшісі апатты үйдің тұрғынымен сөйлесті. Ол үйдің қаптамасы жұлынып қалғанын бірден байқамаған.

- Бірден байқамадым. Мен кіреберісті жөндеу туралы жиналыс өтеді деген соң көпқабатты үйдің алдына шығып тұрғанмын, сол кезде ғана оны көзім шалды. Біз KСK-ға қоңырау шалдық, қазір соларды күтіп отырмыз. Оны енді кім жасайды, білмеймін. Оның қыста емес, қазір түсіп қалғаны да жақсы болған секілді", - дейді ол.

Редакция түсінік алу үшін әкімдікке сауал жолдады.

Айта кету керек, 2019 жылдың желтоқсан айында осы ықшам аудандағы тағы бір тұрғын үй қисайып, пәтер иелері уақытша басқа жаққа көшірілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты