Ақтоғай кен орнында жазатайым оқиға болып, жұмысшы қаза тапты

cheltv.ru
Оқиға орнындағы жұмыстар тоқтатылды.

Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Ақтоғай кен орынының екінші байыту фабрикасының құрылыс алаңында жазатайым оқиға орын алды, деп хабарлайды zakon.kz KAZ Minerals Тобының хабарламасына сілтеме жасап.

Жетінші қыркүйек күні сағат 22.00 шамасында монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде мердігерлік ұйым - ICG компаниясының қызметкері биіктіктен құлады. Алған жарақаттардың салдарынан зардап шеккен азамат қайтыс болды.

Оқиға орнындағы жұмыстар тоқтатылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.

KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды