Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының No2 соты ҚР Сыртқы істер министрлігінің экс-хатшысы Анарбек Қарашевқа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды zakon.kz.
Карашев елшілік ғимаратының құрылысына бөлінген, сондай-ақ ҚҚС төлеуге арналған ақшаны жымқырды деп айыпталды. Сондай-ақ кәсіпкерлерден пара алды, ақшаны жылыстатты деген күдікке де ілінген.
Сот отырысы кезінде прокурор Қарашевқа пара алып, оны заңдастырды деген айыптаудан бас тартып, айыптаудың жаңа редакциясын жариялады.
- Прокурордың мұндай шешімі сот үшін міндетті болып табылады. Сот Қарашевтың әрекеттерін өкілеттіктерін асыра пайдалану деп бағалады, - делінген Байқоңыр ауданының №2 сотының хабарламасында.
Сотталушы жалғыз болмады, оның қасында:
Өтембаев (Өзбекстандағы бұрынғы елшісі) Карашевке көмектесті деп айыпталды.
Сәкенова (Сыртқы істер министрлігінің экономикалық басқармасының бұрынғы директоры) кәсіпкерлерден пара алған.
Нұрекенов, Жұмасанова (басқарманың бұрынғы қызметкерлері). Біріне - қызметтік құзіретін асыра пайдалану және пара алуға қатысу, екіншісіне - пара алуға ат салысу.
ЖШС басшысы Кутдусов пара алды деп айыпталды.
Сот барлық айыпталушыларға қатысты үкім шығарды.
Сот Қарашев, Өтембаев және Нұрекеновтің бірінші рет жауапқа тартылып отырғанын, олардың кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескерді. Сәкенова, Жұмасанова және Кутдусов жасаған істерін толық мойындап, оған қатты өкінетіндерін айтты, Сәкенованың кішкентай баласы бар. Қарашев - 55 жаста, Өтембаев - 54 жаста. Қарашев пен Өтембаевқа 2 жыл бостандығын шектеу (баптың санкциясы 7 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыруды көздейді), Нұрекеновке 5 жыл, Сәкенова, Жұмасановаға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кутдусов айыппұл төлейді. Барлық сотталушылар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, деп хабарлады соттағылар.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Карашевке қатысты тергеу 2018 жылы басталған болатын.
Ол кезде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарашевқа жұмыс кезінде қарамағындағылардан жүйелі түрде пара алады деп күдік келтірілгенін, ал оның сыбайластары кәсіпкерлерден 28 миллион теңгеден астам заңсыз пара алуға қатысы бар деп мәлімдеді. Сондай-ақ, Қарашев өзінің немере інісі "Лара Групп" ЖШС фирмасына лобби жасады, ол оған мемлекеттік сатып алу ережелерін бұза отырып, мемлекеттік қызметшілердің іссапарларына авиабилеттерді сатып алу операторы ретіндегі орынды алып берді деген ақпарат жарияланды. Бұл арада комиссиялық алымдар артық көрсетіліп, салдарынан бюджетке 9,8 миллион теңге залал келген.
Тінту кезінде Карашевтен 1,5 миллион доллар, Нұрекеновтен 200 000 доллар тәркіленді.