Еліміздің шығыс өңірінде көктайғақ басталып кетті

алтайньюс
Оқиға орнына құтқарушылар дер кезінде жетіп, жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсетілді.

Бүгін Өскеменнен Риддерге бет алған жақтағы өлке тұтас ақ қар көк мұзға айналды. Тасжолдағы көліктер көктайғақтың "тұтқынына" айналды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алтайньюс сайтының хабарлауынша, құтқарушылар дер кезінде жетіп, жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсетілді.

Облыстық ТЖД ақпаратына сүйенсек, Өскемен-Риддер тасжолында, Михайловка және Секисовка ауылдарының орта тұсында, қырық шақты көлік тайғақтап, тоқтап қалған. Бір көлік жол шетіне шығып кеткен көрінеді. Автомобильде екі ересек адам және үш бала болған. Бірақ зардап шеккен ешкім жоқ. Глубокое ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бұл жолаушыларды жедел эвакуациялап, Быструха елді-мекеніне жеткізді. Құтқарушылар тасжол тазаланды дегенше өзге де жолаушыларға қол ұшын берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды