Түркістанда із-түссіз жоғалған 14 жастағы қыз Шымкенттен табылды

ТО ПД баспасөз қызметі
8-ші сынып оқушысы полицейлерді біраз әуреге салды.

Түркістан қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын әйел арызданып, 14 жасар қызының із-түссіз жоғалып, табылмай жатқандығын хабарлаған. Алғашқыда қызды өздіктерінен туыстарының үйінен іздеп, табамыз деп ата-анасы әрекеттенген, деп хабарлайды zakon.kz О ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақыры нәтиже шықпағаннан соң, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Аталған жайтты бірден тіркеуге алған полиция қызметкерлері 8-сынып оқушысын табу үшін учаскелік полицейлер мен жедел уәкілдерді тартады. Олар жоғалған қызды тез арада табу мақсатында такси жүргізушілерінен, көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар қыздың әлеуметтік желідегі парақшаларына арнайы мамандар арқылы шығып, қыздың жүрген жерін топшылайды.

Осындай жедел шаралардың арқасында өз істеріне мұқият кіріскен түркістандық полицейлер қыздың әлеуметтік желіде жігітпен танысып, Шымкент қаласына өз еркімен қыдырып кеткендігін анықтады. Тәртіп сақшылары қызды мегаполистен тауып, аман есен үйіне жеткізді. Қуаныштан көздеріне жас алған анасы мен әкесі қыздарының дін аман табылғанына қуанып, полицейлерге ерекше алғыстарын жеткізді.

Түркістан облысының полицейлері барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін үнемі ескертіп, оларды бақылауда ұстау керектігін ескертеді. Сонымен қатар жасөспірімдердің өтпелі кезең уақытын бастарынан кешіретіндіктерін ескере отырып, олардың пікірлерімен санасып, дос ретінде сөйлесіп тұру қажеттігін де айтады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты