Қостанайда өзінің және балаларының білегін кеспек болған 26 жастағы әйелдің соты болды

Оған алты жыл бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Тамырын кеспек болып, балаларының қолына пышақ жарақатын салған Қостанай тұрғынына сот үкімі шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Сот 26 жастағы сотталушының Әйелдер мен балаларға арналған бейімдеу орталығының жатақханасында ас үй пышағымен өзінің және 2016 және 2018 жылдары туған балаларының білектеріне жарақат салып, денсаулығына ауыр зиян келтіргенін анықтады. Бастапқыда сотталушы кісі өлтіруге оқталды деген айыппен сотқа тартылды. Алайда, сот барысында прокурор айыптауды денсаулыққа ауыр зиян келтіру деп өзгертті. Зардап шеккен балалардың өкілдері прокурормен келіскен. Осыған байланысты айыптауды бұлай өзгеруі сот үшін міндетті болып табылады. Сотталушының кінәсі өзінің мойындауымен, сондай-ақ куәгерлердің айғақтарымен және сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді, - деп хабарлады Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Жарыссөз кезінде прокурор оған 6 бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігінің санкциясы 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

- Сотталушы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын ескеріп, сот оны 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - дейді сот.

Оқыс оқиға осы жылдың көктемінде болған. Әйел бұл оқиғаға өзінің құрбысын кінәлап, бұл туралы артына қалдырмақ болған хатында жазды. "Осының бәріне құрбымды кінәлауды сұраймын" делінген онда. Тергеу анықтағандай, бұл әрекетке өз сүйіктісін құрбысынан қызғаныш негізінде туындаған жанжал түрткі болған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: