Қызылордада адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

polisia.kz
Жүргізуші өзге қылмыс үстінде құрыққа түскен.

Қызыордада тас жолда жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған көлік жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметінше, 30 қазан күні “Шымкент-Самара” тас жолындағы Тартоғай ауылының тұсында жолды кесіп өтпекші болған 48 жастағы ауыл тұрғынын Шымкент қаласына қарай кетіп бара жатқан белгісіз автокөлік қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Бұл факт бойынша патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жүргiзген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Бәйгеқұм елді- мекенінің тұсында жүк тасымалдайтын “Газель” автокөлігіне “Мерседес” автокөлігін тиеп кетпекші болған жүргізуші ұсталды. Тексеру барысында жол-көлік оқиғасы орын алған жерден бой тасалаған жүргізушінің Түркістан облысы Қазығұрт ауылының 24 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады