Таразда отағасы жоқта әйелін өлтіріп, анасын жаралаған қаскөйдің кім екені анықталды

polisia.kz
Ер адам бұрын кісі өлтіргені және зорлағаны үшін сотты болған.

Тараз қаласының тәртіп сақшылары кісі өлімі фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің ізін суытпай ашты, – деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, 2020 жылдың 16 қарашасында “102” пультіне 42 жастағы ер адам хабарласып, үйіне оралғанда пышақталған анасы мен жұбайының үстінен түскенін айтқан. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлері 42 жастағы әйелдің қайтыс болғанын анықтады, ал ер адамның анасы Жамбыл облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Пригородное ауылының 40 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол бұрын кісі өлтіргені және зорлағаны үшін сотты болған. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, дастарқан басында бас қосып, спирттік ішімдік ішкендерін, сол кезде кенеттен туындаған жанжал салдарынан жәбірленушілерге пышақ жарақатын салғанын айтып, көрсетті. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-баптың 1-бөлігі, 24-99-баптың 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ заттай дәлелдемелер алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты