Алматы облысында "жергілікті авторитет" жасөспірімдерден ақша бопсалаған

Pixabay
Барлық күдіктілер қамауға алынды.

Балпық би ауылының 28 жастағы тұрғыны ақша бопсалады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды zakon.kz.

Полиция 18 жастағы жәбірленушіні анықтады. Оның айтуынша, сауда үйлерінің бірінде белгісіз ер адам өзін осы жердің "авторитетімін" деп таныстырып, бір апта ішінде белгілі бір сомада ақша әкеліп беруін талап еткен. Ал егер полицияға шағымданса, өзінің сыбайластары оны жер астынан да тауып алады деп қорқытты, өйткені "қылмыстық ортада үлкен байланыстарым бар" деп айтқан. Бірнеше күннен кейін жасөспірімге қоңырау түсіп, ол белгіленген жерде ақшаны берді.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы,1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Барлық күдіктілер қамауға алынды.

Бас күдікті бұған дейін бұзақылық пен ұсақ бұзақылық үшін екі рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ұсталғандардың басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?