Әкесінен бала босанды деген оқушы қызға қатысты тың дерек жарияланды

видеодан алынды
Қыздың жасы 15-те емес, 17-де болып шықты.

Шымкентте туған әкесінен жүкті болып, қыз босанды деген мектеп оқушысы жайында енді басқаша мәліметтер шығып жатыр. Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, оқушының жасы 15-те емес 17-де көрінеді. Әрі өз әкесінен жүкті болды деген әңгіме шындыққа жанаспайды екен. Бірақ, бойжеткеннің кімнен көтеріп қалғаны белгісіз. Туыстары полицияға шағымданбағандықтан, іс жарты жолда қысқарып кетіпті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

ЖАНАТ ТӘЖИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Шындығына келгенде ол - 11-сыныптың оқушысы. Қыздың жасы 17-де болған. Өздеріңіз білесіздер, 16 жасқа дейінгі ол сол ерте жүктілікке жатады. Қыздың жасы 17-ге келген. Ата-анасының немесе басқа да жақтардан мен құзырлы органдардан сұрадық. Ешқандай арыздар келіп түспеген.

Сондай-ақ, қаланың бас педагогы бұл жағдайдың ақпан айында болғанын айтты. Шәкіртінің аяғы ауыр екенін сезген мұғалімдері оны кешкі мектепке ауыстырыпты. Қазіргі таңда нәресте қыздың анасының қамқорлығында екен.

Еске сала кетейін, бұған дейін 15 жастағы қыз баланың босанғаны жайында айтылған. Сол кезде Шымкент қалалық білім басқармасының бас маманы оқушының жүктілігіне әкесінің қатысы бар болуы мүмкін деген еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды