Жүк вагоны өртеніп, бес адам зардап шекті

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуна жүк вагонындағы газ баллонының жарылуы себеп болған.

"Маңғышлақ-Ақтөбе" жолаушылар пойызының жүк тасымалдау вагонында өрт болды, деп хабарлайды zakon.kz.

"2020 жылғы 14 желтоқсанда сағат 04.30-да Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының аумағында орналасқан № 464 айырығы ауданында № 109 "Маңғышлақ-Ақтөбе" жолаушылар пойызының жүк тасымалдау вагоны жанғаны туралы ақпарат келіп түсті", - дейді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Ақпарат түскеннен кейін ТЖ орнына ТЖ департаменті, Апаттар медицинасы орталығы, "ҚазмұнайТеңіз" МӨҚҚ, "ҚТЖ" ҰҚ АҚ 30 адамнан тұратын күштер мен құралдар, 7 техника және 1 өрт пойызы жіберілді. Өрттің басқа вагондарға таралуына жол бермеу мақсатында багаж вагоны жолаушылар вагонынан ажыратылды.

"Өрт салдарынан 5 адам, оның ішінде бір бала түрлі дәрежедегі күйік алды. Барлық зардап шеккендер жүк вагонында болған. Зардап шеккендер Бейнеу ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілді", деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуна жүк вагонындағы газ баллонының жарылуы себеп болған.

Сағат 07.19-да өрт сөндірілді, жүк вагоны толығымен жанып кетті.

Қазіргі уақытта Ішкі істер органдарының күші өртенген вагон қоршалды, сондай-ақ өрттің себептері мен мән-жайларын анықтау үшін Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің зерттеу өрт сөндіру зертханасы жіберілді.

Сағат 09.18-те жолаушылар вагондары Ақтөбе станциясына жіберілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты