Ішінде 200-ге жуық жолаушысы болған құрам Ақтөбеге бағыт алған екен. Белгісіз бір себептермен вагондардың біріндегі газ баллоны жарылған. Қазір "өрт қауіпсіздігін сақтамау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Бүгін таңғы бестер шамасында болған оқыс жайттың жай-жапсары әлі анықталып жатыр. Анығы "Маңғышлақ-Ақтөбе" бағытында қатынаған пойызда 5 литрлік газ балоны жарылып, 5 жолаушы зардап шеккен. Жарылыс болған вагонда жолаушылардың жүктері сақталыпты.
Талғат Уәли, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы:
Жолаушылар вагоны 10 вагоннан құралған. Және оның ішінде 192 жолаушы болған. Өртенген вагон сол жолаушылардың жүктерін тасымалдауға арналған вагон. Қазпочтаға тиесілі. Сол оқиғаның салдарынан 5 адамды өрт шалған. Әр түрлі дәрежеде. Ол 2 жолсерік, 1 инкасатор, 1 Қазпочта қызметкері және 10 жасар баланы күйік шалған.
Багаж салынған вагонда баланың не істеп жүргені белгісіз. Дегенмен дәрігерлер оның денесінінің жартысына жуығы күйіп қалған дейді. Әсіресе, беті мен мойын жағы қатты зақымданыпты. Тағы 3 жолаушы жансақтау бөлімінде жатыр.
Нұрбол Оқуов, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі:
80 пайыз күйік шалған ол 42 жастағы азамат 1978 жылғы азамат.ал 1982 жылғы азамат 22 пайыз денесін шалған. 11 жастағы баланы 50 пайыз күйік шалған. Бетіне, мойынана күйік шалған.
Пойызда болған өзге 187 жолаушы дін аман. Қазіргі таңда, өртенген вагон қоршалып, өртің шығу себептері мен "Қазпоштаға" келген шығын есебі анықталып жатыр. Еске сала кетейін, осыған дейін газ балоны бас қалада да жарылған еді.
Талғат Уәли, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы:
Ол кезде ҚР ТЖМ ақпараты бойынша, қалпына келтіру вагондары жарылған. Вагондағы ресторандарда газ балоны жарылып, абырой болғанда адам шығыны болған жоқ. бірақ вагондары толығымен өртенген еді.
Жаман айтпай, жақсы жоқ. Осыдан екі ай бұрын "Ақтөбе-Маңғыстау" бағытында қатынайтын жолсеріктер де пойызда өрт қауіпсіздігі атымен жоқ деп жанайқайын жеткізген еді.
Гүлшат Сисенова, Маңғыстау стансасының жолаушылар тасымалы жолсерігі:
Жаздыгүні плацкарттар жүрді. Дизельмен жүрді, кәдімгі дизтопливомен. Ол пожарная безопасность қайда? Кәдімгі 4 вагон жүрді. Қайда қарап отыр, КТК қайда, комитет транспортного контрлоя? СЭС қайда?
Қалай болғанда да, Бейнеу ауданында болған оқыс жайтқа қатысты "Өрт қауіпсіздігін сақтамаған" деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.