Алматы облысында тас жолдан табылған баланың ата-анасы кім екені белгілі болды

видеодан алынды
Бала өз бетімен жолға шығып кеткен.

Алматы облысында тасжол бойында жалғыз жүрген баланың анасы табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық ПД-ның хабарлауынша, 44 жастағы әйел жақында Өзбекстаннан көшіп келген.

Әйел баласын ертіп, көрші шаруа қожалығына барған. Бірақ баланы көлік ішінде қалдырған. Ал ол анасын күтпестен көліктен шығып, тас жолмен тартып отырған, сол кезде оны жолдан өтіп бара жатқан жүргізуші көріп қалады, - дейді полициядағылар болған жайтты баяндап.

Баланы видеоға түсірген жүргізуші оны телефонындағы Ват-сап топқа салған, одан соң сол жолға жақын орналасқан үйден анасын тауып, баланы аман-есен табыстаған.

Қазіргі уақытта бала анасының жанында. Ювеналды полиция әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы, яғни "Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қозғап жатыр" деп толықтырды полициядағылар.

Өз кезегінде анасы ұлын тауып берген адамға алғысын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз