Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен келіншек Алматыдан табылды

видеодан алынды
Ол 2020 жылдың 31 желтоқсаны күні жұмысқа кетіп, содан үйіне оралмаған.

Шымкенттің тәртіп сақшылары із-түссіз жоғалған келіншекті Алматы қаласынан тапты, – деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылдың 31 желтоқсаны күні Шымкент қаласының тұрғыны Айсұлу Бахтиярова жұмысқа кетіп, үйіне қайта оралмаған. Аталған жайт бойынша Шымкент ҚПД Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан, Алматы қаласындағы әріптестерімен бірлесе жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында, із-түссіз жоғалған келіншекті 2021 жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласынан тапты.

Оның денсаулығына және өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу барысында оның отбасылық жанжалға байланысты кетіп қалғаны анықталды. 2021 жылдың 10 қаңтарында полицейлер аталған азаматты Шымкент қаласына алып келіп, жанұясына қайтарды.

Өз кезегінде жергілікті тұрғын із-түссіз жоғалған жұбайын тауып бергені үшін полицейлерге алғысын жеткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды