Нұр-Сұлтанда ақша айырбастау пунктіне шабуыл жасаған ер адам видеоға түсіп қалған

Елордалық тәртіп сақшылары күдіктінің белгісі бойынша бағдар жасап, ықтимал тұрғылықты жерді анықтады. Жалға алынған пәтерлерді тексеру кезінде үй иелерінің бірі күдіктіні таныды.

Сәтсіз аяқталған тонау әрекеті Нұр-Сұлтанда видео камераға түсіп қалған, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, медициналық бетперде киген жас жігіт сол жағалаудағы ақша айырбастау пунктіне баса-көктеп кірген. Қызметкер әйелді пышақпен қорқытып, ол ақшаны алмақ болған. Бірақ 39 жастағы әйел онымен алысып, қатты айқайға басады. Қаскөй бәрін тастап қашуға мәжбүр болады.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жеңіл жолмен ақша табу үшін елордаға келіп, тәулік бойына жалға берілетін пәтерде болған 29 жастағы Алматы тұрғынын ұстады, деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Полициядағылар ер адамның бұл қылмысқа мұқият дайындалғанын атап өтті. Ол, тіпті қасын өсіріп, қылмыс жасаған соң пальтосын шешіп, қалың курткасын киіп, жүрісіне дейін өзгерткен, сөйтіп өз ізіне түскендерді әбден шатастыру үшін барлық жолдарды қарастырған.

Елордалық тәртіп сақшылары күдіктінің белгісі бойынша бағдар жасап, ықтимал тұрғылықты жерді анықтады. Жалға алынған пәтерлерді тексеру кезінде үй иелерінің бірі күдіктіні таныды.

Ер адам Алматыға кетіп, қашып үлгерген. Ізін шатастыруға қанша тырысқанымен, жедел уәкілдердің қажырлы еңбегінің арқасында күдікті ұсталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Нұр-Сұлтан қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: