Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін өлтіріп, одан соң өзіне қол салды

24.kz
Полиция пәтерлердің бірінде туыстар арасында жанжал болғанын анықтады.

16 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кешендерінің бірінде адам өлтіру фактісі орын алды. Ер адам алдымен әйелін өлтіріп, содан кейін өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды zakon.kz.

Полиция пәтерлердің бірінде туыстар арасында жанжал болғанын, оның барысында күйеуі әйеліне пышақ сілтеп, содан кейін өз әпкесіне бірнеше пышақ жарақатын салғанын анықтады. Әпкесі пәтерден қашып шығып үлгерген және көршілерін көмекке шақырады, өз кезегінде олар полиция шақырды. Осы кезде ер адам есікті бекітіп, пәтеріне ешкімді кіргізбей қойған.

Оқиға орнына келген полиция жасағы есікті бұзып ашып, 46 жастағы әйел мен өз-өзіне пышақ салған оның күйеуінің денесінің үстінен түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем бригадасы ер адамның өлімін тіркеді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев