Нұр-Сұлтан. 19 жасында көлік мінген мас қыз ұсталды

novosti-n.org
Медициналық куәландыру қыздың орташа деңгейде мас екенін растап берді.

Таңертең Нұр-Сұлтанның Петров көшесінде құжаттарын тексерейік деп "Hyundai Greta" автокөлігін тоқтатып көрген партуль полициясының қызметкерлері көлік рөліндегі 19 жастағы қыздың масаң күйде екенін сезіп қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Медициналық куәландыру қыздың орташа деңгейде мас екенін растап берді. Жас қыздың үстінен Әкімшілік кодекстің 608 бабы, 1 бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып кетті, оның автокөлігіне коммуналдық тұрақтың төрінен орын берілді. Әкімшілік сот шешімімен бойжеткен 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Қалалық ПД баспасөз қызметі жеткізгендей, соңғы екі күнде Нұр-Сұлтанда жол ережесін бұзудың 740-тан астам дерегі анықталды, оның ішінде ішімдікпен ұсталған 23 жүргізуші, жалған нөмір таққан 2 көлік пен жолдан дұрыс өтпеген 62 жаяу жүргінші бар. Коммуналдық тұраққа 32 көлік қамалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды