Алматы көшесінде BMW көлігі төңкеріліп қалды

zakon.kz
Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Алматыда Рысқұлов даңғылында жол апаты болды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

BMW 3 жүргізушісі Рысқұлов бойымен шығыс бағытта сол жақ жолақпен келе жатқан. Suzuki Grand Vitara Сазановская көшесімен келе жатқан.

Сол көліктің жүргізушісі Рысқұлов даңғылына бұрылып, бірден жолдың сол жақ бетіне шыға бастайды. Шамасы, BMW жүргізушісі мұндайды күтпесе керек, қатты сасып қалып, одан қашпақ болады. Шетелдік машина бордюрге шығып, одан соң төбесіне аударылып қалады.

Оқиға орнына шұғыл жеткен дәрігерлер BMW жүргізушісін тексерді, бақытқа орай, ол қатты жарақат алған жоқ.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды