Қарағандыда сұғанақ келіншек ұсталды

polisia.kz
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қарағандыда бір супермаркеттен бірнеше рет ұрлық жасаған әйел ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, 28 қаңтарда Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне супермаркеттердің бірінен белгісіз біреудің азық-түлік ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті. Ұры ірімшікті, қақталған шұжық пен шоколад пастасын алып кеткен.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында орнатылған бейнекамералардың жазбаларын тексеру кезінде белгісіз әйелдің сөмкесіне өнімдерді жасырын салып жүргенін анықтады. Оның үстіне, бұл әйелдің осы супермаркеттен ірімшік, шұжық, тәттілер секілді азық-түлікті бірнеше күннен бері байқатпай ұрлап жүргені белгілі болды. Полиция қызметкерлері аталған әйелдің осы супермаркеттен жасаған ұрлықтарының жеті фактісін анықтады. Келтірілген шығын шамамен 50 мың теңгені құрайды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері сол күні күдікті 38 жастағы әйелді ұстады. Ол кінәсін мойындап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабымен (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы