Қысты күні Баянауыл көшелерін су басты

видеодан алынды
Қайта-қайта бұзылатын ауданды орталық су жүйесімен қамтамасыз ететін маңызды нысан екі жыл бұрын қолданысқа берілген болатын.

Баянауыл ауданында орталық су мұнарасы істен шығып, көшелерге су жайылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Үйлерінен шыға алмай қалған тұрғындар редакциямызға хабарласып көмек сұрады. Олардың айтуынша, мұндай жағдай жаз мезгілінде де бірнеше рет қайталанған.

Айта кету керек, ауданды орталық су жүйесімен қамтамасыз ететін маңызды нысан екі жыл бұрын қолданысқа берілген болатын.

Нұрбол, Баянауыл ауданының тұрғыны:

– Бұл енді бірінші рет болып жатқан жағдай емес. Жаздыгүндері де бірнеше рет болған. Ннді бұл қыстыгүні дұрыс емес деп ойлаймын. Тоқтамаса, мына үйлердің ішіне де қатты су кіру қаупі бар. Сол себепті бұған бір шара қолданса деген Баянауыл, осы Шәкен Айманов атындағы тұрғындардың бір мәселесі туындап тұр.

Ал жергілікті коммуналдық сала өкілдері апат салдарының жойылғанын хабарлады. Оқыс жағдайға су тазарту бекетіндегі автоматты құрылғының істен шығуы себеп болыпты. Осының кесірінен таза су сақталатын резервуарлар толып кеткен.

Руслан Авкубаев, қызмет көрсету мекемесінің өкілі:

– Таңғы сағат 5-тен 8-ге дейін біз апатты жағдайды толық қалпына келтірдік. Су құбырлары желісі қазір қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Тұрғындардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз