Түркістан облысында алаяқ жігіт туысының атынан несие тіркеген

polisia.kz
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Түркістан облысында тәртіп сақшылары туысының атынан несие рәсімдеген алаяқты ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адамның атынан онлайн-несие алып 60 мың теңге шығын келтірген. Бір жылда берешектері көбейіп, банктен хабар келгенде, жәбірленуші тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұраған. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

"Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Түлкібас ауданы полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Ол жәбірленушінің туыс інісі болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші өткен жылы туыс ағасына хабарласып, таныстары ақша тастайтынын, сол үшін банктік карточкаларының кодтары мен жеке куәліктерінің мәліметтерін суретке түсіріп жіберуді сұраған. Содан туысына сенген жәбірленуші, ол сұратқан ақпараттарды береді. Осы арқылы күдікті онлайн-несие алуға өтініш тастап, несие рәсімдеген. Күдікті өз кінәсін толық мойындап отыр. Күдіктінің бас шарасы "қолхатта", - дейді облыстық ПД.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады