ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты салдарынан дәрігерлер көз жұмды

ШҚО ТЖД
Апат салдарынан жедел жәрдем көлігіндегі 1972 және 1979 жылғы екі жолаушы алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Өскемен - Семей тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды zakon.kz.

3 ақпанда, сағат 19.25 шамасында, қолайсыз ауа-райы жағдайында (қарлы боран, көктайғақ) Өскемен-Семей тас жолы бойымен Семей бағытына жол тартқан тіркемесі бар Daf жүк көлігінің 29 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан жедел жәрдем көлігіндегі 1972 және 1979 жылғы екі жолаушы алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. 44 жастағы жедел жәрдем жүргізушісі Семей қаласына облыстық ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі