Tengri Bank-тің бұрынғы қызметкерлеріне халықаралық іздеу жарияланды

24.kz
Іздеу түрі - халықаралық, бұлтартпау шарасы - қамауға алу.

Қаржы мониторинг агенттігі Tengri банктің бұрынғы қызметкерлеріне іздеу жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Tengri Bank" АҚ Әкімшілік-экономикалық департаментінің бұрынғы директоры - 1977 жылы туған Алмас Бақытұлына іздеу жарияланды.

Сондай-ақ, оның қарамағындағы компаниялардың бірінің бұрынғы басшысы, 1991 жылғы Рахметов (Байжанова) Тоғжан Тілеужанқызына іздеу салынады.

Іздеу түрі - халықаралық, бұлтартпау шарасы - қамауға алу.

Қаржы мониторингі агенттігі бұл адамдардың орналасқан жері туралы білетіндер болса, онда мына телефондарға хабарласуды сұрайды: 8 (7172) 708-478 немесе 8 777 111 93 77.

2020 жылдың қыркүйегінде Tengri Bank банктік лицензиясынан айырылды. Экономикалық тергеу қызметі Tengri Bank басшылығына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. "Өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе ысырап ету" бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады