Бұл жолы Нұр-Сұлтанда. Тағы бір ер адам көпірден секірмек болды

kazlenta.kz
33 жастағы ер адам мас күйінде болған. Шарасыз әрекеттің себептері зерттелуде.

Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиға 8 ақпанда кешке таман болды.

Ер адам Сарыарқа даңғылы бойындағы көпірден секірмек болған.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері көпірден аяғын салбыратып, енді секірмек болып отырған ер адамның үстінен түсті. Тәртіп сақшылары ер адамды сөзге тартып, оның назарын өздеріне аударды. Ер адамға әбден жақындаған кезде тәртіп сақшсылары оны шап беріп ұстап, көпір қоршауынан тротуарға сүйреп шығарды, дейді елордалық ПД баспасөз қызметі.

33 жастағы ер адам мас күйінде болған. Шарасыз әрекеттің себептері зерттелуде.

Айта кетсек, күні кеше Түркістанда да бір ер адам жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірден секірмек болып, оны аман алып қалуға Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері көмектескен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді