Талғар ауданы әкімінің неге ұсталғаны белгілі болды

azattyq-ruhy.kz
26 қаңтарда Іле аудандық соты тергеу судьясының шешімімен Ерекешев екі айға қамауға алынды.

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданы әкімінің ұсталуына қатысты жай-жапсарды жария етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ведомтсваның хабарлауынша, 24 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша департаменті әкім Серікжан Ерекешев пен әкімдіктің лауазымды адамдарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2 және 4-тармақтары, яғни "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының бірнеше рет ірі мөлшерде ақша түрінде пара алуы" бойынша жүргізіліп жатыр, делінген редакцияның ресми сауалына прокуратураның берген жауабында.

26 қаңтарда Іле аудандық сотының тергеу судьясының шешімімен Ерекешев екі айға қамауға алынды.

Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды, деп толықтырды прокуратурағылар.

Бір апта бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімнің ұсталғаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратты растады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Құрбан айтта жасалатын амалдар мен тың деректер