Кеше түнде мас болып, полицейге тап берген жігіт бүгін опық жейді

bryansk.news
Полицейге қарсы күш қолданған мас тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Кеше түнгі 22-00 шамасында Балқаш ауданы Бақанас ауылының полициясына хабарласқан жергілікті тұрғын ішімдікке сылқия тойып алған жақын туысының отбасылық жанжал шығарып жатқанын айтып, көмекке келулерін сұраған. Мас жігіт оқиға орнына шұғыл жеткен учаскелік полиция инспекторының заңды талабына бағынудан бас тартып, билік өкілімен төбелескен, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоңырау түскен соң учаскелік полиция инспекторы аталған үйге барғанда 33 жастағы ауыл тұрғыны оған күш қолдануға тырысқан. Дегенмен, қоянқолтық ұрысқа машықтанған тәртіп сақшысы бұзақыны жөнге салып, полиция бөліміне жеткізген. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша қамаққа алынды,- деді Балқаш АПБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Дәурен Құтпанов.

Тексеру барысында ауыл тұрғыны тәртіп сақшысының денсаулығына еш залал әкелмегенімен, погонын жұлып алғаны анықталды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес билік өкіліне қатысты күш қолдану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуде масаң күйде отбасылық жанжал шығарудың және полицияға қарсы күш қолданудың себептері анықталатын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады