Алматыда үйінді астына қалып, мерт болған адамның кім екендігі анықталды

Алматы ТЖД
Ол 1972 жылғы ер адам, жұмыссыз болған, металл қалдықтарын жинау және сатумен айналысқан.

"Барахолкадағы" қоқыс үйіндісінің астына қалып, мерт болған адамның кім екендігі анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол 1972 жылғы ер адам, жұмыссыз, металл қалдықтарын жинау және сатумен айналысқан.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның жай-жапсарын баяндады. Шұғыл желіге оқиға куәгері 11 ақпанда сағат 14: 50-де қоңырау соқты. Ол марқұмның жеке аумақтың қоршауынан заңсыз секіргенін айтты.

Қоқыстан металл іздеп, жинау кезінде қатты тұрмыстық қалдықтар оның үстіне құлаған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар қоқыс үйіндісі арасынан ер адамның денесін алып шықты.

Төтенше оқиға орнында құтқару қызметі, төтенше жағдайлар департаменті, полиция бөлімінің 20 қызметкері, жедел жәрдем қызметкерлері мен 10 техника жұмыс істеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты