Кәсіпкер әйел мемлекетке 650 млн теңге шығын келтірген

zakon.kz
Сот үкімімен көрсетілген адам ҚР Қылмыстық Кодексінің 216-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Ақтөбе тұрғыны мемлекетке 650 миллион теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Қаржы монитринг комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері 2017 жылдан 2019 жылға дейінгі аралығында Ақтөбе облысының аумағында істелмеген жұмысты жасалды және көрсетілмеген қызметті көрсетілді деп жалған шот-фактуралар берумен айналысқандардың заңсыз іс-әрекетінің жолын кесті.

Ақтөбе қаласының тұрғыны 2017 жылы өз атына тоғыз жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркеп, ҚҚС төлеуші ​​ заңды тұлға ретінде тіркеу рәсімінен өтіп, екінші деңгейлі банктерде банктік шоттар ашқаны анықталды.Сөйтіп ол өз ЖШС арқылы ақша аударып, оны қолма-қол ақшаға айналдыратын контрагенттерді іздеген, - делінеген хабарламада.

Заңсыз кәсіпкерлік қызметтен мемлекетке келтірілген залалдың мөлшері 650 миллионнан астам теңгені құрады.

Сот үкімімен көрсетілген адам ҚР Қылмыстық Кодексінің 216-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді және 10 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды иелену құқығынан айырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды