Тағы бір қаржы пирамидасы 100-ден аса адамды тақырға отырғызды

inform.kz
Қаржы пирамидасын құру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар облысында бір жылға жетер-жетпес бұрын құрылған қаржылық пирамида белгілері бар шағын несиелік ұйым - "Лидер Капитал 168" ЖШС-ның қызметін тоқтатты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қысқа уақыт ішінде бұл фирма мүшелері салған салымына ай сайын 10 пайыз табыс түсетіндігіне кепілдік бере отырып, 100-ден астам адамның сеніміне кіріп, депозит аштыртқан. Қазіргі уақытта алаяқтық схемасының басқа да құрбандары анықталу үстінде, деп хабарлады агенттік.

Қаржы пирамидасын құру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетейік, уәкілетті орган берген лицензия негізінде Қазақстан аумағында халықтан ақша тартуға екінші деңгейлі банктер мен поштаның ұлттық операторлары ғана қатыса алады.

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі халықты ақшасын күмәнді компанияларға салмауға шақырады. Егер сіз де осы ұйым құрбаны болсаңыз, мына сенім телефонына хабарласыңыздар: 8 (7182) 61-33-05, 8 702 816 01 81.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады