Балқаштағы жанып жатқан коллектордан ер адамның денесі табылды

telegram
Өлімнің мән-жайы анықталуда.

Балқаш қаласының өрт сөндірушілері жалынмен күресу барысында жылу коллекторынан ер адамның мәйітін тапты. Қазіргі таңда мамандар өлімнің себебін анықтап жатыр, деп хабарлады zakon.kz.

Таңертең Балқаш қаласының Ағыбай батыр көшесіндегі №17 үйдің тұрғындары жақын маңдағы жылу трассасынан түтін шығып жатқанын байқап, өрт сөндірушілерді шақырған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер коллектордан ер адамның денесін тапты.

Ол сұлық жатты, ешқандай тіршілік белгілері байқалмады. Айналасындағы қоқыс өртенген. Өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп, күйген денені коллектордан шығарып, дәрігерлер мен полиция шақырды.

Дәрігерлер ер адамның өлі екенін растады. Полиция мәйітті сот-медициналық сараптама жүргізу үшін мәйітханаға алып кетті.

"1 наурыз күні сағат 07:35-те Балқаш қаласының Ағыбай батыр көшесі №17 үйдің жанында жылу трассасының коллекторында 8 ш.м. алаңда қоқыс жанып кетті, өрт 07:52-де жойылды. Оқиға орнында ер адамның жанып кеткен денесі табылды. Өлімнің мән-жайы анықталуда. СМЭ тағайындалды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз