Алматы облысында көлік қаққан екі қыз баланың жағдайы ауыр

Pixabay
Қазіргі уақытта 2012 жылы туылған екі баланың жағдайы ауыр. 2011 жылы туған үшінші қыздың жағдайы орташа ауырлықта.

Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен төрт қыздың жағдайына қатысты тың мәлімет жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, жол апатынан зардап шеккен оқушы қыздар жатқызылған Шелек ауруханасына балаларға медициналық көмек көрсету үшін күн сайын Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасынан нейрохирургтар, травматологтар, реаниматологтар келіп-кетеді.

Қазіргі уақытта 2012 жылы туылған екі баланың жағдайы ауыр. 2011 жылы туған үшінші қыздың жағдайы орташа ауырлықта. Ол Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасында емделіп жатыр. Қазіргі уақытта оған травматологтардың қатысуымен ота жасалған. Аймақ басшысы Амандық Баталов мектеп оқушыларын оңалту үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті, деп хабарлады әкімдіктегілер.

Айта кетсек, 2 наурызда мас күйіндегі 54 жастағы УАЗ жүргізушісі жол шетінде тұрған төрт қызды қаққан. Куәгерлердің айтуынша, соққының қатты болғаны соншалық, мектеп оқушылары жан-жаққа шашылып, ұшып түскен. Салдарынан екі қыз комаға түсіп, бір қыз орташа дәрежеде жарақат алды. Төртіншісі шошып қалған. Бұл істі Қазақстан Республикасының Президенті жеке бақылауына алды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты