Нұр-Сұлтанда мас жүргізуші екі рет полицейлерден қашпақ болды

видеодан кадр
Онсыз да мас екенін білсе керек, жүргізуші медициналық куәландырудан өтуден бас тартты.

Таңғы тоғызда "Лада" мінген 27 жастағы жүргізуші Ұлы Дала көшесінде қызылға өтіп кетіп, жүргіншіге жол бермей өте шықты. Тоқта деген полицияның талабын орындамай, қашуға тырысты, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірнеше көшеден өткен соң жүргізуші тұрғын үйлердің ауласына көлігін тастап, жаяу қашты. Қоршаудан секіріп өтпек болған жерінен полицияға ұсталды. Полицейлер оны көлігіне қалай әкеле жатқанда жүргізуші орта жолда тағы да қаша жөнелді. Бірақ тағы да ұсталды.

Онсыз да мас екенін білсе керек, жүргізуші медициналық куәландырудан өтуден бас тартты.

Әкімшілік сот шешімімен ол 15 тәулікке қамалып, көлік жүргізу құқығынан 8 жылға айырылды. "Ладасы" коммуналдық тұраққа кетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады