Қостанай облысында ер адамның басын кесіп тастаған жігіт сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұған дейін бұл қылмыстың 2020 жылдың 3 желтоқсанына қараған түні болғандығы хабарланған. Рудныйдың екі тұрғыны бірге ішімдік ішкен. Олардың арасында өзара жанжал болып, салдарынан 31 жастағы ер адам 68 жастағы зейнеткердің мойнына пышақ сұғып алады. Ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Ал күдікті мәйіттің басын кесіп алып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Сотта күдіктінің оқиға орнынан жәбірленушінің басын кесіп, өзімен бірге алып кеткені анықталды.
Сотталушы жәбірленушімен сол күні кездесіп, танысқан. Одан соң үйге барып, бірге ішімдік ішкен.
Түнде мас ер адамдар арасында жанжал туындап, соның барысында Б. ас үй пышағымен жәбірленушіге бірнеше пышақ жарақатын салады, содан кейін ол серіктесінің басын кесіп алған. Кесілген басын шелекке салып, сотталушы жәбірленушінің пәтерінен шығып кетеді. Көшеде есін жиған сотталушы полицияға өзі хабарласып, жасаған қылмысын баяндап берді, деп хабарлады сот.
Сотталушы 99-баптың 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.
Сотталушының бұрын сотты болмағанын ескеріп, полиция қызметкерлерін өз еркімен шақырып, кінәсін мойындап, істегеніне шын жүректен өкінуі ескерілді. Ол 16 жыл бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өткереді. Сонымен қатар, сотталушыға алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу амалы тағайындалды. Жәбірленуші тараптың жалпы сомасы 2 329 814 теңгені құрайтын талап-арызы толығымен қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деп атап өтті соттағылар.